Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  51


Автор: Есләм Зікібаев

БАР АРМАНЫМ

Айдында, фəни жалған кемесінде
келемін, сақтар ма өлсем ел есінде.
Байлығым – жылдап жиған жыр-жиһазым
білемін құран сөзі емесін де.
Біреу өлді, біреулер қалды тірі,
сақтап тұрмайды екен-ау жан күтімі.
Өлеңмен өмірімді өріп келем –
көшірмесі өлмейтін бар бітімі.
Тоқтамас өмір-өзен, Есіл ағар,
ұқсатып мені де Елім есіне алар.
Жоқ барымды өрнектеген ойларымның
ертеңге несі жетіп, несі қалар?..
Көңілде күйкі тірлік, жанарда мұң,
өмірде шикі шындық, жана алмадым.
Алдамай адамды адам тура қарап,
күн кешер кезді көру – бар арманым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу