Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  140


Автор: Есләм Зікібаев

ЗЫМЫРАҒАН УАҚЫТТЫҢ ДӨҢГЕЛЕГІ

Көңілің толқығасын, шалқығасын –
жастықта сан қияға шарқ ұрасың.
Əттең-ай, бəр-бəріне жете алмайсың,
шаршайсың, шалдығасың, алқынасың...
Шаршайсың, шалдығасың, алқынасың...
Оқ жетпес өр-қиялар даңқы басым.
Қанатың отқа күйіп, шарпыласың,
мекіредей тасқа ұрынған тартынасың.
Көңіл-ай алабұртқан ой-хой со бір,
көзің-ай қарауытқан сойқан-содыр.
Білінбей өте берген алдамшы өмір,
тілімдер жүректерді қалған шөгір.
Асқаның, тасқаның да... бəрі қызық,
қызық үшін кетердей қаны қызып.
Сен үшін отқа күйіп, суға түсіп
беретін достар қайда жанын үзіп.
Іздейсің, іздейсің кеп... табардайсың
Бəрібір таба алмайсың, алаңдайсың.
Зымыраған уақыттың дөңгелегін
əттең-ай, кері жүргізе ала алмайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу