Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  75


Автор: Есләм Зікібаев

БІЛЕ АЛМАЙ СОНЫҢ...

Көңіл – ақ қайың, тірлігім зəулім қара емен,
жүремін мүлгіп жандағы мың сан жарамен,
тамырым қаңсып қалмасыншы деп тартылып,
зəмзəм нəріндей ойыма демеу, дəрі егем.
Таң тауығымен жарыса тұрып сəріде,
көшеге шығам қарамай қуат-əліме.
Өн бойым əбден үйреніп алған инеге
құятын нəрдей илігіп бəрі-бəріне.
Əн-күй елтітіп қарсы алам солай əр таңды,
тым кəрі де емен езетін ботқа-малтамды,
тілімнен кейде запыран аралас у шықты,
уытын алар алдамшы тəтті бал тамды.
Ғаламат əлем əрі тар мынау, əрі кең
кей-кейде қашып құтылсам дейсің бəрінен.
Қалтаңдап соның соңынан ерген иттейсің
өне бойыңды толтырып алып дəрімен.
Жас та емессің желкілдеп тұрған желегің,
мас та емессің бар дердей кімге керегім.
Əрі-сəрілеу күн кешіп жүрген жандаймын
біле алмай соның ебеп-себебін, дерегін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу