Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  67


Автор: Есләм Зікібаев

ƏЛІМСАҚТАН

Қызығамыз не керек,
Шекпенге де, шенге де.
Көңіл шіркін ебелек
Болмаймын деп мен неге?!
Байлық та бар, бақ та бар,
Талайларға армандай
Тек бірдеңе жетпейді
Басы жұмыр пендеге.
Сендей бола алмадым
Айналайын мен неге?
Мендей бола алмадың
Айман-айым сен неге.
Деумен кейде біреуді
Біреу күндеп жатады.
Деумен біреу біреуді
Күнде жүндеп сатады.
Байлық та бар, бақ та бар
Көңіл шіркін тоймайды.
Құрдасындай қақпақыл
Өмір кіл-кіл ойнайды.
Түсінбеймін əрнеге
Ойы орта, кенде ме,
Əлімсақтан əлде не
Жетпейді ылғи пендеге!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу