Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  100


Автор: Есләм Зікібаев

МАҚСАТЫМ

Өмірдің өгейі емес, тумасымын
Жүргем жоқ қамын ойлап құр басымның.
Қаланып «кетігіне» дүниенің –
Куəсі болсам деймін бір ғасырдың.
Жазуға төселмеген қаламым бар,
Талпынған балапандай талабым бар.
Өлеңге сыйғыза алмай ойдағымды
Боламын кей сəттерде шалақұмар.
Мінекей, шын өмірге жаңа келдім.
Өзімнің үлесімді ала келдім.
Асу көп алда армандай қол бұлғаған
Жаза бергім келеді, жаза бергім.
Көп əлі менде жастық, талас ұғым,
Кек тұтпай тыңдамақпын аға сынын.
Болса да өрт мінезім менмен емен
Қазақтың қарапайым баласымын.
Өткем жоқ ақындықтың мектебін де,
Сонда да талабым зор, от көңілде.
Мақсатым – бірге жасау ағалармен,
Шұғылалы поэзия көктемінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу