Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  126


Автор: Есләм Зікібаев

ҚУАНЫШ

Уа, өмір!
Сүйем сені бар сəніңмен,
Көңілдер шамшырақ боп жанса нұрмен.
Елімнің табысына қуанамын
Əр таңды қарсы аламын əн салумен.
Сыйлайды шат сезімін уақыт маған,
Əр күннен таусылмайтын бақыт табам.
Əр күнде мың жаңалық –
мың мереке
Солардан шабыт алып шалқып қалам.
Жаңалық жаныма нұр құйып менің
Жеткендей төбем көкке биіктедім.
Қондырған адам ойын Ай-аруға
Мен сені мақтан етем,
Сүйікті елім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу