Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  66


Автор: Есләм Зікібаев

ҚУАНТСАМ ДЕДІМ

Менің кім болғым келмеді дейсің?
Асынып қару-жарағын,
Қадаса тіктеп жанарын,
Сұсымен жауды шошытқан
Батыр болуды қаладым!
Мектепте жүрген шағымда,
От беріп бойда жалынға,
Тылсымның тілін меңгерген
Ұқсасам дедім ғалымға!
Көргенде сұлу мүсінді –
Ел мақтар ғажап ісімді
Суретші болсам деп жүрдім
Танытып жігер-күшімді!
Бозбала шақта –
Кейіннен,
Өзгеше сырлы сеніммен
Дүние тынып тыңдайтын
Əнші болсам-ау! – дедім мен.
Жетегіне еріп сезімнің,
Содан соң жырға берілдім.
Қуантсам дедім жұртымды
Ақыны болып Елімнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу