Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  94


Автор: Есләм Зікібаев

Елдікті аңсаған қазақтың ұл-қызы

Елдікті аңсаған қазақтың ұл-қызы
Түнектей түн босып, ез болған күндізі.
Армандай таң атты, дүниені қаратты,
Жарқырап бір шықты маңдайда жұлдызы.
Көңілімде, өмірімде шықса деп күн күліп,
Елдікті, ерлікті көтердік ту қылып.
Желтоқсан желімен түн түнек сырылып,
Көрінді көп күткен армандай нұрлы үміт.
Тірлігі əрі мұң, əрі арман, əрі аңыз,
Ертеңге Тəуелсіз Ел болып барамыз.
Біз көрген езгіні көрмесін баламыз.
Бүгінде азат ел, азат ұл, азат қыз
Жеріндей жаны кең, пейіліндей таза, ақық.
Тағдыры тас түнек зынданға қамалып,
Мың өліп, дүниеге мың келген қазақпыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу