Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  55


Автор: Есләм Зікібаев

ТЕРЕЙІН БАЛА БОЛЫП ЖИДЕГІҢДІ

Астымда жол серігім – қара дөнен,
Келемін қиял қуып даламенен.
Жосылып қансонарда қашқан аңдай
Жотадан бір көрініп қалады өлең.
Ақ қайың, жасыл терек, көрікті емен,
Бəрін де өз көзіммен көріп келем.
Тұр, міне, көтере алмай алтын дəнді,
Сыймайды, алма, мейіз, өрік...деген.
Еске алып қызықтарды бала күнгі,
Қолыма тағы ұстаймын қаламымды.
Туған жер,
тербете бер шабытымды,
Көтеріп биігіңе талабымды.
Қорынбай ыстығыңнан шілде күнгі
Тағы бір көрсін елім жүрегімді.
Кетейін жас талыңды жайдақ мініп,
Терейін бала болып жидегіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу