Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  75


Автор: Есләм Зікібаев

КӨҢІЛ КҮЙІ

Тынбай кезіп ну орманның арасын,
Келдім іздеп, сəулем, қайда барасың.
Жалғыз ғана сипа дағы ақырын
Жазшы емдеп жүрегімнің жарасын.
Қарай берші жанарыңды тайдырмай,
Сен жоқ жерде жүрем қайтіп қайғым-ай.
Ат арытып келгенімде алыстан,
Кеткенің бе, шыныменен қайрылмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу