Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  139


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мөлдір әлем

Бәрі де
Әлі де мөп-мөлдір,
Күрсініс естілер көктен бір,


Сол көкке аттанып кеткен бе
Жұпарын ауаға төккен гүл...
Бәрі де
Әлі де мөп-мөлдір,
Көңілде көлбеңдеп көктем жүр.
Мөп-мөлдір осынау әлемнен
Мен бір күн түңіліп кеткем-дүр...
Аспанға бір сәлем жолдадым,
Мөп-мөлдір әлемде тоңғаным...
Ызғары қариды бетімді –
Қайтейін мөп-мөлдір болғанын...
Жерінде – тірлікке таң болам,
Көгінде – аманат жан болам.
Әлем тұр көңілі суыған –
Менің де көңілім қалды одан...
Бәрі де
Әлі де мөп-мөлдір,
Ойнақтап келеді көктен нұр,
Мөп-мөлдір аспаннан жалт етті-ау,
Жалқы сәт... ғайып боп кеткен бір...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу