Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  71


Автор: Есләм Зікібаев

Көңілінде құндақтаулы тұнығы елдің

Көңілінде құндақтаулы тұнығы елдің
əр-əркім ұға алар ма мұңын ердің.
Қайырлы, Кемал, Жеңіс – бəріңді де
тумасаң да туғандай іні көрдім
Елеске елтімесе, ерген бар ма,
қызығады ел құмдағы өрген нарға,
оңайлықпен өлмейтін сияқтымын
артымда айналайын сендер барда –
сендерді тілегіме берген де Алла!
Білемін ағалықтың ауырлығын,
өтіп кеткен таба алар бауырды кім.
Сендер емдеп əйтеуір жазасыңдар,
болмаса жүрегім кіл жауыр бүгін.
Мұң аралас мен қазір білетін əн,
қашқандаймын тамұқтың кіл отынан.
Тəңірім тірлік берсе, алдарыңда
қалқиып аға болып жүре тұрам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу