Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  69


Автор: Есләм Зікібаев

Бірімізді біріміз біліп жүрміз

Бірімізді біріміз біліп жүрміз,
біліп жүрміз əрі іштей күліп жүрміз,
ит ұлыған кеудеміз алай-дүлей,
сыр алдырмай, томаға-тұйық жүрміз,
сырт көздерге сұп-сұлу сүйкімдіміз,
ішімізден іркіттей іріп жүрміз.
Қайғы-мұңнан адамыз сырт қараса,
салындыдай күні жоқ ықтамаса,
мен білгенді басқа жан білмейтіндей,
қулық ойлап тұрамыз жұрттан аса.
сырт айналып шығу да оңай бізге,
ойымызды өсіріп-құптамаса.
Əр күніміз ертегі, толған аңыз,
сенбесек те сенгендей таңданамыз,
кей-кейде малданбасты малданамыз,
сөйтіп жүріп баладай алданамыз,
дауылға қарсы жүрер қауқар да жоқ,
шидің түбін паналап жан бағамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу