Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  66


Автор: Есләм Зікібаев

Ақын ем көкірегіне жел түнеген

Ақын ем көкірегіне жел түнеген,
кезім аз елегізіп, елтімеген.
Еркіндікті аңсаған ерке көңіл
ұшыра алса жарады ұясынан
ер сезімін көтерер еркін өлең.
Сұлу өлең, ерке өлең, еркін өлең...
елегізген сезімнің серпіні өлең.
Керегі не өлеңнің өлекседей,
Самал болып жаныңды желпімеген.
Астасқанда түндері күніменен,
Қуанышы ақынның, мұңы да өлең.
Қой күзетпей, ой баққан адамдардың
бəрі жақсы біледі мұны менен.
Бəрі жақсы біледі мұны менен,
Қиналсам да кейде күн-түніменен,
Сырласардай жанымның сырыменен
тумай əбден қинайды шырын өлең,
Туа қалса, бақыт қой шыныменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу