Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  99


Автор: Есләм Зікібаев

Адам өлмейтін болса

Адам өлмейтін болса,
қысқа ғұмырда қасірет көрмейтін болса,
артында Құдай барын ұмытар еді –
сонда кім ұтар еді?..
Шалдығып-шаршамайтын болса,
біреуді біреу сағынып аңсамайтын болса,
бар мен жоқтың арасын бөлмейтін болса,
қыршынынан қиылып өлмейтін болса,
əй, қызық болмас еді-ау ол дағы онша...
Тірлікте аузымыздың салымын-ай –
аз бен көптің ұмыттық санын ұдай,
мынау жұмыр жердегі ит пен құстың
болып кетсе əулие, бəрі Құдай.
Мен де мықты деуменен, сен де мықты...
қоян да өзін ересен ер деп ұқты.
Жоғалта алмай келеміз бойымыздан,
ойымыздан «мен!» дегіш пенделікті.
Аузы қисық болса да, аяғы ақсақ –
ханның қызы бар қыздан ең көрікті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу