Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  49


Автор: Есләм Зікібаев

Өмірдің ілесем деп кіл сапына

Өмірдің ілесем деп кіл сапына,
Тірліктің түспейді адам мінсе атына.
Түссем-ау деп тегінде ойламайды,
Биіктеп бір сатыдан бір сатыға.
Көңілді қиял-арман тербегенде,
Жетердей көтеріліп шер кемерге.
Көрем де өздеріңді, серпілемін,
Керек жан екем-ау деп елге мен де...
Бір тұрып еркімменен, бір отырсам,
Жұмбақ тірлік көптей мен білетін сан,
Кездерім бар егіліп, күлетін сан.
Деймін, шіркін, елімнің ортасында
Əлі де бір он жылдай жүре тұрсам.
Тірліктің кездім талай шартарабын,
Кім көріпті мұң-шердің тарқағанын.
Бұғанам қатпай тұрып зобалаңда
Соғыс салған зұлматты арқаладым.
Үзілмей, аман жүрсем əлі күнге –
Айналайын, сендердің арқаларың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу