Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  61


Автор: Есләм Зікібаев

Əрлінің əрінен...

Əрлінің əрінен,
Кəрлінің кəрінен,
Зəрлінің зəрінен...
Қысқасы, бəрінен
Қорқамын əлі мен.
Кем болып өлмедім,
Ер болып көрмедім.
Қиялым құстай
Кейде ұшып, кейде ұшпай
Қойсам да, биікке өрледім.
Баймын деп байсынып,
Аймын деп айсынып
Күн кешкем жоқ,
Күнде өшіп, күнде өскем жоқ.
Қысқасы, жер басып жүргенім
Жайшылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу