Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  84


Автор: Есләм Зікібаев

Мəңгілік ғұмыр

Мəңгілік ғұмыр...
Таппаған пенде бір емін,
Тірлігім барда жылаймын, ойнап-күлемін.
Ерте ме, кеш пе, алдаспан ажал семсерін
Сүйретіп бір күн келерін тағы білемін.
Шет-шегі бар ма, жүретін алда жол қанша,
Тірлік гүлі де тұрады семіп-солғанша.
Бір адамдай-ақ Ғұмыр кешумен келемін,
Дей алмай тағы «мағынасыз, сірə, болды онша».
Жүремін аман, Тəңірім қуат, құт берсе,
Құтылмайды ешкім төтеннен төніп жұт келсе.
Өмірімді өлең өрнектей берсе болғаны,
Тағатым тозып, ақырғы демім біткенше.
Қарамай тіптен тəлтірек қаққан əліме,
Қуаныш, қайғы... араласамын бəріне.
Баз кешіп мына тірліктің даңғыл жолынан,
Адасқан қаздай тобыңнан қалсаң, сəні не?
Қаншама жүйрік болғанмен, көңіл – көк дөнен,
Ажалға қарсы келмеген ешкім көлденең.
Атам да өткен, анам да өткен дүниеден,
Ерте ме, кеш пе –
Мен де өлем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу