Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  98


Автор: Есләм Зікібаев

Мен өлем, сен де өлесің, ол да өледі –

Мен өлем, сен де өлесің, ол да өледі –
Таусылып тіршіліктің өрлер өрі.
Ұмытылып тірліктегі кем істерім,
Мəпелеп қоясыңдар көрге мені.
Ұмытылып ғұмырда кем істерім,
Алысқаным, біреумен керіскенім,
Жүргендей бір міні жоқ періштемін,
Шығады жақсылығым тегіс менің.
Бəрі де ұмыт болады көз жұмған соң,
Жеңілгенім, ұмыт боп жеңістерім,
Айшықталып шығады кең істерім.
Өзіме өзім ғашық боп...
Ой, Алла-ай, бір міні жоқ періштемін.
Осы жұрт қалай білмей келген мені,
Көрінбей көзге қораш кем істерім,
Жақсылығым шығады тегіс менің.
Мен өлем, сен де өлесің, ол да өледі,
Аялап қоясыңдар көрге мені.
Ескен жел, тасқын селдер тоқтамайды,
Тоқтамайды тірліктің дөңгелегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу