СПОРТ ЖӘНЕ БИЗНЕС
Кәсіпкер болсын, өмірде өз мақсатына жеткісі келетін қарапайым адам болсын, спортпен шұғылдану өте маңызды. Спорт - бұл денсаулық. Спорт бизнесте биік белестерді бағындыруға көмектеседі. Оның басты себебі: спортпен шұғылданған кезде тәніміз ғана емес, миымыз да тынығады, - нәтижесінде тың идеялар туындайды.
Спорттың тағы да қандай пайдасы бар екенін бірге талқылайық:
1. Спорт ТӘРТІПКЕ үйретеді. Егер спортта белгілі бір нәтижеге жеткіңіз келсе, тәртіпке бағынуыңыз керек. Көңіл-күйіңіз болмаса да, ауа райы нашар болса да, мотивация мен ниетіңіз бар ма, жоқ па, - бәрібір, таңертең 7-де жүгіруге тиіссіз. Өйткені, бір сәттік пайдадан гөрі болашағы зор жетістік әлдеқайда маңызды. Өз-өзіңізді тәртіпке үйрету, қалаған нәтижеге жету үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасау - спортта ғана емес, бизнесте те өте құнды.
2. ШЫДАМДЫЛЫҚ пен НӘТИЖЕНІ КҮТЕ БІЛУ.
Жаттығу залына бірінші рет келгендердің көпшілігі алғашқы күннен-ақ керемет нәтиже көргісі келеді. Бір аптаның немесе бір айдың ішінде 10 келі артық салмақтан арылып, тәніміз сымбатты бола қалса дейміз. Алайда, ондай тез нәтижеге жету қайдам. Оның үстіне, жақсы көрсеткішке жету үшін күнделікті жаттығу керек. Ал оған бәрі дайын емес.
3. СПОРТ және КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС.
Жалғыз әрекет етушілердің дәурені өтті, қазір мықты командалардың заманы. Бүгінгі таңда жалғыз адам істей алмайтын жетістікке жету үшін командамен жұмыс істей білу қажет. Футбол, волейбол, рафтинг сияқты командалық спорт түрлері бізді бірлесе әрекет етуге үйретеді. Командалық спорт түрімен айналыссаңыз, командада жұмыс істеуге бейімделесіз.
Суретте менің жанымда тұрған, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы — Элизабет Тұрсынбаева. Ересектер сайысында төрт қарғып секірген тарихтағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter