26.08.2022
  105


Автор: Арман Тосқанбаев

Миллиардерлер принципі: командаға өзіңізден мықты адамдарды алыңыз.

 


Бұл - өте керемет принцип, бірақ көпшілігі олай істеуге қорқады. "Командамды алып кетсе, қайтемін?", "Идеямды ұрлайды", "Тура осындай компания ашып алады" және т.б. деп ойлайды.


 


Ал сіз өміріңізде, ең болмағанда бір рет өзіңізден мықты команда, лидер, қызметкер немесе бастықты тауып көріңіз. Сонда жұмысыңыздың қалай жеңілдегенін көріп, рахаттанатын боласыз. Мойныңыздан ауыр жүк түскендей болады.


Өзіңіз ойлап көріңізші, барлық салада сізден де мықты мамандарыңыз болса және олардың әрқайсысы өз ісінің шебері болса, - бұл деген керемет қой. Сіз рахатқа батып, жай ғана сыртынан бақылап отырасыз.


Менің барлық бизнесімде солай деп айта алмаймын, бірақ соған келе жатырмыз. Бүгінде менің командамда өз саласы бойынша менен де мықты бірнеше адам бар. Шынымды айтсам, сол адамдардың өмірімде пайда болғанына сондай бақыттымын.


Табысты және табысқа жетем деуші кәсіпкерлердің басты айырмашылығы - бірі өздерінен мықтыларды жұмысқа алады, екіншісі, нарықтан тапқандарын алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу