Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  487


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Әжелер киімі

Келін мен әжелердің жарасымы –
Келіскенде бал татыр қара суы!..
Осылардан өсті ғой бұл қазақтың,
Қайталанбас бар дана, бар асылы.
Шылауышын қарашы, кимешегін!..
Әжесіз тіліңді де білмес едің.
Қиянннан қылпын шалсам киімінің,
Ауылымды көргендей күй кешемін…
Бүгін бөлек, кигені, бұрын бөлек,
Ұлтыңның өнегесін білу – медет.
Мұражай, театрдан ғана көрмей,
Саркідір ханым түгел қию керек!



2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу