Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  67


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Көзбе-көз

Шуды да көрген, сұмды да көрген бұл басым
Қураған жұртқа құндызын қайтып құндасын?!
Тайраңдап тайлақ келеге ие болар ма,
Тізерлеп қойса, тырп еткізбей, бурасын?!
Жақтырмайды екен, жатырқайды екен жақының
Адамша ойлап, бабаңша айтсаң турасын.
Балалық емес, тазалық қажет өнерге,
Жолыңды барлап, өмірді арнап қуғасын.
Беделің түсіп, бояуын құсып кетпей ме,
Таза даңғылдан бетіңді кері бұрғасын?!
Наданды жақтап, әділетті аттап жүреді,
Менің де кейбір кербездеу, кесек құрдасым.
Ескермей түкті, дес бермей тіпті кетеміз,
Дарындылардың білсек те күнде тумасын.
Саралап бәрін, бағалап нәрін көзбе-көз,
Қайнарын аршып, тұндыру қажет су басын!



2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу