Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  78


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Бас жаққа барысқанда

Күміс таяқ тәрізді жарығым-ау,
Қырау тұтып тұрғандай қарыдың-ау!
Қырт бастық, қыли қарап, қиқайған соң,
Мақтаулы жұмысымның жарымы-дау.
Ел алатын сыйлықты мен алмадым,
Ақшамның жоғы мынау… бары – мынау!..
Сыбайлас былық-шылық жұрген жері,
Озды ғой ұратындар құр кеудені.
Аядай асханада жыр толғаппын,
Мекендеп он жыл бойы бір бөлмені.
Өмірге келдім бе екен өнерлі боп,
Қысылып-қымтырылып күн көргелі?!
Ия, он жыл отырдым асханада,
Мұрт шығыпты сондағы жас балаға.
Дәл мұндай қатыгездік адамда емес,
Кезігеді қаны жоқ таста ғана.
Қадірсіз қақпайласа қадірліні,
Өмірден қадірлейтін бас қала ма?!



1990 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу