Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  113


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Мінезім

Мен адаммын бір мәрте туып, өлер,
Озбырлыққа пенденің қуы көнер.
Қажытай боламын ба, қарағым-ау,
Қисайтсам, кісіліктің туын егер?!
Өмірде әркім ұғар өз жарасын,
Ілінді қаршадайдан сөзге басым.
Затыңда тазалық жоқ пысықтармен.
Үйлесе алмай келеді көзқарасым.
Көргенде мәнсаптыны дірдектеген,
Жан жалықты тұрлаусыз. үркөппеден.
Тобырға тойпаң ауыз бойды үйретіп,
Қайтып қана әулекі дүрмекке ерем?!
Ойымда тұрады ылғи обал, сауап,
Бар ма екен алатындар одан сабақ?..
Күншілдер күндіз көрген көлеңдейді,
Көрпеме көзді жұмып, орансам-ақ!
Ағайын көшке берген тайын алса,
Жаяуың жөн, арамнан байығанша.
Сөз ұқпайтын қаскүнем хайуанға,
Сөйлессең, тез ұғады хайуанша!..


 


1990 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу