22.08.2022
  254


Автор: Қожанасыр хикаялары

Құдайдан ақша сұрау

 


Қожанасыр бір күні үйінде отырып құдай- дан ақша тілейді:
– Е, құдай, жүз сом ақша бер! - деп жалына- ды. - Бір сом кем болса, алмаймын!
Мұны есітіп тұрған бір қу, Қожаны сынап көрейін деп, шаңырақтан оның алдына дор- баға салып тоқсан тоғыз сом тастайды. Қожа санап көріп:
– Құдай тілегімді қабыл еткен екен! Тоқсан тоғыз сом бергені дорбасымен жүз сом ғой, - деп, ақшаны қалтасына салып алады. Қожаны алдаймын деген қу ақшасынан айрылып қалады.сұрау ақша 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу