Өлеңдер ✍️

  22.08.2022
  106


Автор: Нұрлан Қалқа

Қаз-қаз басқан сәбиім

Қаз-қаз басқан сəбиім,
Қалай бүгін жай-күйің?!
Неше қадам аттадың,
Қуантып тұр қарқының.
Қаз-қаз басқан бөбегім,
Келші бермен, өбемін.
Қаз-қаз басқан қалпыңда,
«Арғымаққа» кел де мін.
Тұсауыңды кесейік,
– Жүгіріп кет! – десейік!
...Ешқашан да сүрінбе,
Кеткеніңде есейіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу