Өлеңдер ✍️

  22.08.2022
  86


Автор: Нұрлан Қалқа

Ботақаным, өсіп-өн

Сүп-сүйкімді бөбегім,
Сондай жақсы көремін.
Сенсің менің байлығым,
Сенсің менің өлеңім.
Атаң сенің ақын-ды,
Əжең сенің ақылды.
Бір Аллаға мың мадақ,
Бізге сені тап қылды.
Сен өмірге келгелі,
Шаңыраққа енгелі,
Туғаныңа қырық күн,
Ана сүтін емгелі.
Шашың алар апалар,
Жуынуға ап барар.
Иткөйлегің, ботақан,
Бұйырғанға бақ қонар.


Ботақаным, өсіп-өн,
Жырым болсын – Бəсірең.
Алла жазған маңдайға,
Ортаймасын несібең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу