21.08.2022
  498


Автор: Жұма күні

Әр жұмада тілейік

Әр жұмада тілейік,
Оу жамағат қол жайып.
Жақындарды, туысты,
Әрқашанда қолдайық.

Бар жақсылық орнасын,
Қабыл болып дұғамыз.
Шын жүрек, шын ниетпен,
Біздер дұға қыламыз.

Аман болсын отбасы,
Бар бақытқа бастайтын.
Раббым Алла жар болсын,
Аппақ жолды жақтайтын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу