Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  83


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЖІБЕГІНДЕЙ ҚЫТАЙДЫҢ

Тәңірім бір сыпайы мінез берген,
Қалпыңыз көрінбеді бір өзгерген.
Сабырлы, биязылық, инабатпен
Керім боп көрінесіз Сіз өзгеден.
Жұп-жұмсақ жібегіндей қытайылық,
Сізде бар өзгеде жоқ сыпайылық.
Әдеппен өнбойыңыз әдіптеліп
Шуағын шашып тұрар шынайылық.
Үлгілік, көргенділік, тәлімділік,
Әр іске ой тастайсыз мәнін біліп.
Жарастырып Өзіңе киінгенде
Киім де қона қалар сәнін біліп.
Жақсыға жақсы жар ең, жасырмайық,
Ұл тудың шаңырағыңа асылдай қып.
Тамырың - алтын діңгек аман болсын
Мәуленің, Ел Ағасы - Әшімбаев.
Ізгілік байқалынар ісімен де,
Таптың тіл үлкенмен де, кішімен де.
Талай жыл жорналында әйелдердің
Төктің тер қаламыңның ұшымен де.
Ибамен алға шығып біраз адым,
Төріне көтерілдің прозаның,
Зейнетің енді міне, тәтті болсын,
Өмірдің бұзу қиын бұла заңын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу