Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  84


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ОТЫН ЖАҒЫП НАМЫСТЫҢ...

Ұлтыңның ділін, дінін сақтауыңмен,
Ғұрыпты, салт-дәстүрді жақтауыңмен,
Сынға түскен кезінде Ұлттың Тілі
Жан ұшыра ардақтап ақтауыңмен,
Ірі едіңіз Мұхтар!
Өмірді жастай тастай тануыңмен,
Оттай боп ел қамы үшін жануыңмен,
Ұшақтан көк аспанда құлап түсіп
Алла қолдап есен-сау қалуыңмен
Ғажап едіңіз Мұхтар!
Намыстың отын жағып, қайрауыңмен,
Берік қып ұстамыңды байлауыңмен,
Қай жерде, қандай істі қолға алсаңда,
Халық қамын тереңнен ойлауыңмен,
Азамат едіңіз Мұхтар!
Бағы ашылар БАҚ пенен әдебиеттің,
Қос саласы әлемдік өркениеттің.
Қайта оралдың, Өзіңмен қайта соғар
Алпыс екі тамыры Мәдениеттің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу