Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  97


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЖҰЛДЫЗЫМ ӨЗІҢ БЕ ЕДІ

Өзіңе көңіл құсын ұшырайын,
Өзіңе жүрегімді ұсынайын,
Серт берші сеніп маған, сеніп маған,
Кешіккен уақытымды түсін айым.
Қайырмасы: Не сиқыр өзіңдегі, көзіңдегі,
Құдірет күш бар сендік сезімдегі.
Алыстан ақын болып көрінесің,
Жұлдызым көгімдегі өзің бе еді.
Сен болшы менің күткен сағынышым,
Ойласам сыртым бүтін, жалын ішім.
Қол созшы сеніп маған, сеніп маған,
Кездескен ойда жоқта бағымбысың.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу