Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  115


Автор: Өріс Яшүкірқызы

МАХАББАТ ФОРМУЛАСЫ

Мен:
Дәл мұны келмейтін қиын деуге,
Мен шыдамас Азап-тын...
Бұдан ауыры болмас мазақтың
Алдымнан шықты Тозақ Күн.
Жерлеп кетті менің алтын басымды,
Не қылсам да обал емес тасырды.
Айырмады.Нарқын және білмеді,
Жез бен мысты. Қара тас пен Асылды!
Ой:
Өртен! Жан!
Іріп кетсін ішің, – мейлі –
Ол сені әуелден-ақ түсінбейді
Аяма, сен де оны жерге қарат
Бұдан соң ол да саған ісінбейді.
Тағы да білем оны кешіресің,
Салған дағын кеудеңнен өшіресің.
Құлай сүйген адамға кек сақталмас
Ал, сүймесең, әрине өшігесің.
Мен:
Өртеніп тұр жүрегімде кек деген,
Ешқашан да менің де есем кетпеген.
Менің шамам бәріне де жетеді,
Ол ойнаған ойнайыншы отпенен...
Маған рас, дәл қазір қиын білем,
Бірақ мен де басымның сыйын білем,
Махаббатта формула: - “Тепе-теңдік!”
Мен де Оны күйіндірем, иілдірем!
***
Зәлім Ойым жетпеді бұл шешімге,
Ақыл шықты алдымнан із кесуге,
Иіле қап Сабыр да тоқтатқаны
Кешірімге жүгіндік біз бесінде...
...Махабаттың тербеттің бе бесігін
Бірін-бірі кешірудің несі мін?
Махаббаттың формуласын түсінсең:
Сүю, Сүю, Сену және Кешірім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу