Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  80


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Елес боп ылғи жүресің

Елес боп ылғи жүресің
Сен маған жақын келердей,
Қолтықтан ұстап демердей,
Өзіме ғана сеніп бір
Жаныммен жақсы көрердей.
Елес боп ылғи жүресің,
Биікке алып ұшардай,
Тірлікке мынау тұсалмай,
Сәт сайын мені аймалап,
Сағынып келіп құшардай.
Елес боп ылғи жүресің,
Бүкпестей менен сырыңды,
Тыңдардай менің жырымды,
Менен ғана естердей,
“Жаным” деген бір үнді.
Елес боп ылғи жүресің
Сен оны қайдан білесің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу