Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  78


Автор: Өріс Яшүкірқызы

КҮТТІҢ БЕ, БАҚЫТЫҢДЫ

Құшағыма сыйғандай зорға күшпен.
Ей, махаббат, сен бе едің торға түскен,
Жастығымда сені іздеп жүргенімде
Абайсызда өзім де қолға түскем.
Ашық екен бақ күткен ақ маңдайым,
Жоғалтып ап мен сені тапқандаймын,
Күн де жарық мен үшін, Ай да жарық
Таң боп күліп мен енді атқандаймын.
Бір пенде боп жүрдің бе, бағы жарым,
Бір қуанып тағы не, налығаның,
Күттің бе әлде, жалықпай бақытыңды
Дәл осындай бір күні табыларын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу