Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  76


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БЫЛҒАМА МЕНІ

Былғама сөзбен, былғама,
Тілегім болсын бір ғана.
Түрпідей сөзден жаныма,
Кетпесін түсіп бір жара.
Былғама сөзбен, былғама,
Тілегім болсын бір ғана.
Жүрегім таза болған соң
Алмаймын тағы бұлдана
Ылайық едің тазаға
Таза бір сөзбен мазала.
Былғаныш сөзге төзбеймін,
Төзсем де қандай жазаға.
Биіктеу еді бағаң да,
Сол пәсте тұршы одан да.
Ұқсамай жүрсең өзгеге
Саған да жақсы, маған да.
Қайтемін сені табалап,
Мен едім жүрген бағалап,
Дәл сені тани алмасам,
Қайтейін маған обал-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу