Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  73


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚАЛАСЫҢ ӨЛЕҢ БОП

Мен сені күттім келер деп,
Отырдым сөйтіп елеңдеп,
Бір алапат күш мені
Қайтсемде отыр жеңем деп.
Күттім мен солай тағы да,
Сырласқым келді сағына.
Жабысып тұрған кеселден
Қояр ма екем жазыла.
Басым тұр бүгін айналып,
Бір сиқырға байланып,
Шыным да, сырым осылай,
Жақсы бір көрсем айға анық.
Мен сені күттім елең боп,
Неліктен саған сенем көп.
Төгілді сырым өлеңге
Қаласың енді Өлең боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу