Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  96


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ӨЗІҢ ҒАНА

Өмірім өзіңменен бірге менің,
Сен барда мен де гүлдей түрленемін.
Бар пейіл, ықыласыма өзің риза,
Қараумен қабағыма күнде менің.
Қайырмасы:
Алдыма шуақ төгіп,
Жарық боп жағылатын,
Жаныма қуат беріп,
Алыстан сағынатын,
Мен үшін торығатын,
Мен үшін зарығатын,
Мен үшін басыңды иіп,
Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА
Өмірде өзің маған бөлек едің,
Бақыттың бесігіне бөлеп едің.
Келемін Қыз Жібектей мәпеленіп,
Қайтемін мен өзгенің Төлегенін
Қайырмасы:
Алдыма шуақ төгіп,
Жарық боп жағылатын.
Жаныма қуат беріп
Алыстан сағынатын.
Мен үшін торығатын,
Мен үшін зарығатын,
Мен үшін басыңды иіп,
Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу