Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  80


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ӨТІНІШ ПЕН ӨКІНІШ

Жасаған ем бір өтініш
Орындауы түк емес.
Болды соңы бір өкініш
Не шік емес, бүк емес.
Тең болмаппын терезеңмен
Сөйтіп, бекер қараппын.
Биік тұрған дәрежеңмен
Өзімді бір санаппын.
Сол баяғы адалдықпен
Бекер қолқа салыппын.
Өзімдегі адамдықпен
Жұртты бірге таныппын.
Үрлей түссе от болатын
Шоғым бар-ды жалынды.
Көңілім саған тоқ болатын
Сындырмас деп сағымды.
Қарсы бітер қарағайға,
Бұтақ та едім көктейтін.
Бір пікірді балап айға
Сөз қайраттың өтпейтін.
Танушы едім Леп Белгі деп,
Үтірлерге райың бар.
Жырға жаным кептелді кеп
Көңіл қалған жайым бар.
Беу, досым-ай!
Өтініштің бір бағамы,
Қиын ба елі, мұң ба еді.
Жақсы жанның бұлдағаны
Ойландырып тұр мені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу