Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  135


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЕҢ СҰЛУ

Сұлу әйел сұлу емес, баласыз,
Өңсіз киім сияқты ол жағасыз.
Селтең қағып бойын күткен сұлулар,
Кешіріңіз,
Бала тумай бағасыз.
Сұлу әйел сұлу емес, күткендей,
Бала емізбей, омырауынан сүт бермей.
Алма төсін сәбиінен аяса
Ол сұлуға тағдыр қояр құт бермей.
Киінгенмен көзді байлап сары- көк
Сұлу әйел сұлу емес жары жоқ.
Әр күнінде емексісе әркімді,
Кешіріңіз,
Сол сұлудың ары жоқ.
Сұлуларға таңсық болмай жаңалық
Таңсық болса жарар еді аналық.
Сұлу әйел - баласымен ең сұлу,
Кешіріңіз,
Халық айтқан даналық,
Мен айтайын ең сұлу кім, ең сұлу,
Жан-жағымен өзгелерге тең сұлу
Бар байлығын баласы деп ұғынып,
Мейірімі тас еріткен Ең сұлу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу