Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  88


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЕСІЛ НЕГЕ ТЫНЫШСЫҢ?

Есіл неге тұнықсың,
Есіл неге тынышсың,
Толқының да дірілсіз
Ағысың жоқ тұныпсың.
Көктем көрем тынышсың,
Жазда көрем тынышсың,
Баяғы көрген жағадан
Алақанмен су іштім.
- Тоқта,- деді ішпегін,-
Құртқа толар іш-шегің,
Есілдің суын ішпейді
Түсіп қалар тістерің,
Татып көрдің дәмсіз ғой,
Ағыс ақпас әлсіз ғой,
Бастау алар бұлақ та
Көзі ашылмай жансыз ғой,-
Деп қасыма ерген жан,
Ақпаратты берген жан,
Ерке Есілді аяды
Сенетін көрген жан.
...Менің бірақ есімде,
Асығушы ек Есілге,
Жағалауы ен егін
Элеватор төсінде.
Ақ толқынға көміліп,
Ақ шабақша тоғылып,
Тамшы тағып ақ күміс
Шығатынбыз шомылып,
Тілді үйірер суы бар,
Бал құрақтан нуы бар.
Арқадағы арудан
Дейтін біз кім суынар.
Ағысы күліп сылқылдап, Қаз-үйрегі сыңқылдап,
Жағалауда көк майса
Шегіртке ұшар шырқылдап.
Басына киіп жармағын,
Өзенге салып қармағын,
Балықшы мәз болатын
Көрсетіп шортан салмағын.
Қиқулап құстар төбеден,
Қырқауыл ұшып бөдеден
Жағалауы Есілдің Ырзықты еді-ау көнеден.
XXI-ші ғасырда
Табиғат тиіп тасырға,
Арнасы түсіп Есілдің
Мұңайды өзен расында.
Жағалауы жас қала,
Елордасы- Астана,
Арнасы Есіл қабысып
Болуға жақын масқара.
Есілдің бар ед оң жағы,
Енді орнықты сол жағы,
Тазаланған өзен жоқ
Осы жері оңбады.
Құрылыс жүріп қарымды,
Жағалай көпір салынды,
Тозаң басқан кең Есіл
Тынысы мүлде тарылды.
Содан Есіл сілейді,
Тыныштықты тілейді,
Жәрдем берер ешкім жоқ
Алып тұр ғой үрейді.
Есіл неге тынышсың,
Деме неге тұныпсың.
Жедел жәрдем тез керек
Десең Есіл шынықсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу