Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  99


Автор: Ықылас Ожайұлы

ЕРТЕГІ

Ертегі айтам...
Есімі оның «Бақ мекен»,
Кімдер ойлап хикаяны тапты екен.
Өмір деген өтірік айту,
ал соңы:
«Әлди-әлди, ақ бөпем...».
Қара – тақта,
Хан жарлығы есікте,
«Ертегіден енді ешқашан кешікпе».
Ертек соңы...
есінетіп миыңды
Екі жерден таңып тастау бесікке.
Әлмисақ пен мыңжылдықтар басынан
Өтіріктер өзен болып тасыған.
Ертек заңы:
«Естімеген бейбақтың
Қан сасиды қасынан».
Бұл бір өзі...
бітімі жоқ жол еді,
«Бақ мекен» бе, «сор мекен» бе
сол енді.
Мұратына жете алды ма егей ер,
Ертекшіге...
Маңызды емес ол енді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу