Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  55


Автор: Ықылас Ожайұлы

ГЕНОСКОП

I
Бұл ғұмыр сенікі емес, атаңдікі,
Атадан таған тартқан қанның басы.
Я обал, я сауап арқалаған
Тағдырың...
Сол екеудің қарымтасы.
II
Жазмышты Жаратқанға жаппаңыз,
Бұл бір үлкен кемістік.
Тағдыр деген...
Тамырдағы түйіршік,
Санаңдағы кеңістік.
* * *
Жел көтерген
жапырақтың сыбдырын,
Ай шайқаған
айдын көлдің тұнығын.
Қос сезімге
қосарладым бір сурет,
Шыққа малып...
Шегірткенің шырылын.
* * *
Құрсақ – жұмақ,
Құрлық – тозақ,
Балалық қой жақының.
Сезер едің сол екеуін
Кірген кезде ақылың.
* * *
Өңім де, түсім де
Құдайлық ұмсынып пішінге.
Қауызын жарады бір ойым
Қағаздың ішінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу