Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  79


Автор: Досан ЖАНБОТА

АҚ ПЕРІШТЕ ҚЫЗ СЕНБІСІҢ...

Теңеу таппай тең-тұсың
Ақындар өлең арнаған,
Періште қыз сенбісің,
Жалт қараған бар ғалам.
Артық, кем де боямай,
Ғажап көрік сыйлаған,
Бақытты да аямай,
Тəңірім енді қи соған
(Елден бұрын көргенде,
Кетер едім Айға алып,
Бір ғасырлық көлемде,
Келер едім айналып)
Енді жыр боп пендеге,
Бұл биіктен кетпе сен,
Ғашық болып көргенде,
Əн арнаса сөкпе сен.
Сағынармын бұл күнді,
Қалар артта жаяу мұң,
Шуағы мол күлкіңді,
Сыйла еліңе, аяулым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу