Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  479


Автор: Досан ЖАНБОТА

ЕСКЕ АЛДЫМ, АҒА, МЕН-ДАҒЫ

Осы күні Мұқаң жайлы естеліктер əдемі –
Айтылады, құрметтеген, қадірлеген оны елі.
Тірлігінде артық демей, кем демей сыйласқан
Өткен күндер көз алдыма менің-дағы келеді.
Ойлап тұрсам шын ақынның жауы жоқ,
Өлеңдері жатсадағы сыншылардың дауы боп,
Сəл ғана сəт отырған соң түйіліп, от айналмай –
Елжірейтін Мұқағали бəрімен де бауыр боп.
«Дұрыс, – дейтін, – маған айтқан сын дағы -
Ұлы тауды, даланы мен болып кім тыңдады,
Менің көрген өмірімді көрген жоқ қой, ол пақыр
Сірə, бəлкім, ондай бақыт маңдайына сыймады
Мен тыңдаған сол сəтте ерекше еді күй дағы, –
Дейтін-дағы қолға алатын өлең жазған дəптерін –
Ал сонан соң жыр оқитын, жадырайтын көкте күн.
Енді ойласам, дəл сол шақта-ақ Мұқаңның
Білмеппін ғой, білмеппін-мəңгілік боп кеткенін.
Менің үйім Гагариннің көшесінде, жұпыны.
Жетпегенде болар сірə сыйлы қонақ күтімі,
Төлеген мен Дулаттың əзіліне мəз болып,
Жымың қағып көтеретін шай құйылған құтыны.
Содан кейін ойларсың, Мұқағали сөйледі деп көсіліп –
Лəм демейтін терең ойды сен өзіңше шешіп, ұқ
Оның сыры, мұңы тұратығын қаз-қалпында көзінде
Бүкіл əлем кетер еді көкжиекпен қосылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу