Өлеңдер ✍️

  19.08.2022
  237


Автор: Нұрлан Қалқа

Ғасыр қаласы

(Баллада)
Астанам – бағым, баспанам,
Жайқалған қайың, жас қалам.
Жарасым тауып дүр-көңiл,
Шырқалып жатыр асқақ əн.
Шаң қапқан қала түрлендi,
Бүр жарып терек, гүлдендi.
Көшелер кеңiп, көркейiп,
Жанарды арбар түрге ендi.
Астана түнi ғажап-ақ,
Ауасы тымық, таза бақ.
Ауладан қоқыс көрмейсiң,
Күн сайын тұрар тазалап.
Бейне бiр иран бағындай,
(Тұрмассың, сiрə, сағынбай).
Сəулеттi үйлер қаншама,
Көруге жұрттар ағылды-ай!..
Сенiм шырағы жағылды,
Астана ашты бағымды.
Пəтерге мұнда қол жетiп,
Қуаныш жыр боп ағылды.


Есiмде бала тiлегi,
Көршiнiң үйi кең едi.
– Ойнаймын сонда, кеттiк, – деп,
Қолымнан тысқа сүйредi.
(…Тар бөлме бiткен мезi қып),
Жаңа үйге тұрды қызығып.
– Осында, көке, қаламын, –
Тiл қатты жүзi құбылып.
– Алған үй, көке, жақсы, – деп,
Былдырлап, мақтап жатты кеп.
Көзiмнен түйiр жас ақты,
«Бақыттың таңы аттың деп.
Сондағы күйiн атама,
Қуаныш iште жата ма?!
Елбасын танып суреттен,
– Алғыс айт, – дедi, – Атама!
Астанам – бағым, баспанам,
Алматы – ару, бас қалам.
Архив боп көштi тарихқа,
Солтүстiкте – астанам.


Ғаламат елдiң ертеңi,
Астанам гүлзар, ертегi.
Жанымның шаттық күйлерiн,
Домбыра-көңiл шертедi.
Астана – ғасыр қаласы,
Болмас-ау сөздiң таласы.
Нұрсұлтан салған қала деп,
Үн қатар қазақ баласы.
…Астана – ғасыр қаласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу