Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  96


Автор: Нұрлан Қалқа

Мінез

(Болат ағаға)
Басыңды имей əркімге,
Үміт артып əр күнге.
Елуге толдың жан аға,
Шыншыл мінез тəн сізге.
Туғаның болсын – турасың,
Бас бермес құдды «бурасың».
Пейілі түзу дос-бауыр,
Сырыңды іштей ұғар шын.
Болсаң да кейде бірбеткей,
Арыңды жүрсің кірлетпей.
Пенделікпен кей жандар,
Қадіріңізге жүр жетпей.
Атадан қалған шаңырақ,
Қалмасын əсте қаңырап,
Əкеден қалған ақ отау,
Тұяғына сендей аманат.
Əжеден қалған ақ тілеу,
Бұ жалғанда бақ-тіреу.
Анадан қалған ақ мейір,
Адастырмас нақ сүрлеу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу