Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  88


Автор: Нұрлан Қалқа

Қулық тауым

Қулық тауым!
Бөктеріңде мен өстім,
Қарағайлар досым болып, кеңестім.
Суың – балдай,
ауаң – тымық,
шөп – шүйгін,
Ер жеткен соң «тез ұмыттым» демеспін.
Қулық тауым!
Сай-салаң мен белесің,
Сағынғанда көз алдыма келесің.
Ұзынбұлақ барсаң,
Қыржол қол бұлғар,
Астанада түсіме жиі енесің!
23.10.2012 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу