👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  51


Автор: Нұрлан Қалқа

Аман болғай...

Жастан-жасқа тола бергін, жарығым,
Тілеймін мен жақсылықтың барлығын.
Аман болғай, адам болғай ардақты,
Өзің болсаң ұмытылар бар мұңым.
Жастан-жасқа келе бергін, жан жарым,
Жүзге жеткін – орындалсын арманың.
Балалардың қызығына тоймағын,
Тойға ғана шашылсыншы бар малың.
Құтты болсын туған күнің, шырағым,
Сөнбесінші менімен жаққан шырағың.
Пенделікпен кейде өкпе болса да,
Лайланбағай мендік тұнық бұлағың.
Сен келіпсің дүниеге мамырда,
Əсем көктем нөсерлеткен шағында.
Артынша-ақ жанарыңнан Күн шығар,
Ұласпайды бір жақсысы дауылға.
Тілегім көп, арманым көп, қосағым,
Биікке ұмтыл, алға атта қос адым.
Жүз жас деген ғаламат бір биік бар,
Мен өзіңді сол арадан тосамын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы