Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  78


Автор: Нұрлан Қалқа

Астанада

Көктем-ару жаныма шуақ құйып,
Бозторғайдың үнiне құлақ түрiп.
Мен келемiн бас қала көшесiмен,
Сылдыр-сылдыр ағады бұлақ күлiп.
Көктем-ару бойымды балқытады,
Сезiмдерге бөлейдi жақұт таңы.
Жусан исi келгендей əлдеқайдан,
Көңiлiмдi көтерiп шалқытады.
Көктем-ару қырларда түрленедi,
Қыз-жiгiттер алуан гүл тередi.
Беткейлердi жауқазын өрнектейдi,
Туған жерiм ғажайып түрге енедi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу